Freedom Inside '26

Әділетхан Молдаханға қатысты іс: лауазымды полицейдің адвокаты тараптар келісімге келмегенін мәлімдеді

Әділетхан Молдаханға қатысты іс: лауазымды полицейдің адвокаты тараптар келісімге келмегенін мәлімдеді
instagram

Алматыда блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгін Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сот барысында прокурор айыптау актісін жариялаған. Сондай-ақ, жәбірленушілердің бірі - Алматы қаласы Полиция басқармасының бұрынғы басшысы Шумаевтан жауап алынған.

Іс бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Ұзабаевтың мүддесін адвокат Асылбек Әбдірайымов қорғап жатыр.

Адвокаттың айтуынша, тараптар арасында татуласу келісіміне қол жеткізілмеген және келтірілген шығын өтелмеген.

Осыған байланысты сотқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіру және заңгерлік көмекке жұмсалған 1 миллион теңге шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыз берілген.

Айта кетейік, бұл іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша қаралып жатыр. Адвокаттың пікірінше, бұл жағдай жекелеген лауазымды тұлғалардың беделіне ғана емес, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау жүйесіне деген қоғамдық сенімге де әсер етеді.

Сот талқылауы жалғасып жатыр.