Freedom Inside '26

Әділетхан Молдахан сот процесінен кейін мәлімдеме жасады

Әділетхан Молдахан сот процесінен кейін мәлімдеме жасады
ашық дереккөз

Қамауда отырған заңгер Әділетхан Молдахан сот процесінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот процесі көңілімнен шықты. Қазақ еліне қолдауына көп рақмет. Бір Алла жар болсын. Қылмыс жасайтын ойым болған жоқ. Шындықты айтқанымды мойындаймын, - дейді Әділетхан Молдахан. 

Еске салайық, үш адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты пікір білдіргеннен кейін заңгер Әділетхан Молдаханға қарсы «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өзіне тағылған айыпты толық мойындап отыр.

Қоғамда резонанс тудырған істен кейін қазақстандықтар заңгерге қолдау білдіріп, оған 8 миллион теңгеден астам қаржы жинап берген.

Іс бойынша жәбірленуші ретінде Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шұмаев танылған. Ұзабаевтың адвокаты айыпталушыдан 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы және 1 миллион теңге сот шығындарын өндіріп беруді сұраған еді.