Ақтөбеде грант алып беремін деп ақша алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияға 35 жастағы тұрғын алаяқтық дерегі бойынша шағым түсірген. Оның айтуынша, биыл сәуірде танысы қаладағы кофеханалардың бірінде мемлекеттік бағдарлама арқылы грант алуға көмектесетінін айтып, осы қызметі үшін ақша сұраған.
Уәдеге сенген азамат оған 400 мың теңге берген. Алайда кейін нәтиже болмай, ақша да қайтарылмаған.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында 32 жастағы күдікті анықталып, бөлімшеге жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша ол алған қаражатты жеке қажетіне жұмсаған. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.