Freedom Inside '26

Қазақстанда жаңа камералар қай жолдарға қойылатыны белгілі болды

Қазақстанда жаңа камералар қай жолдарға қойылатыны белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның ақылы автожолдарында орташа жылдамдықты тіркейтін камералар кезең-кезеңімен орнатылады. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, жаңа бақылау жүйелері ең алдымен ұзындығы шамамен 4,9 мың шақырымды құрайтын ақылы жол учаскелеріне енгізіледі.

“Негізгі бағыттардың қатарында Қарағанды – Алматы, Өскемен – Талдықорған және Қорғастан Алматыға дейінгі жолдар бар. Бұл бағыттарда камераларды орнату жұмыстары жалғасады”, – деді ол.

Мақсат Баяхметтің сөзінше, орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу жол-көлік оқиғаларының санын шамамен 15 пайызға азайтуға мүмкіндік берген.