Freedom Inside '26

Зейнетақы активтері екі айда 317 млрд теңгеге қысқарды

Зейнетақы активтері екі айда 317 млрд теңгеге қысқарды
Фото: istockphoto.com

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 25,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Соңғы деректерге сәйкес, 1 наурыз бен 1 мамыр аралығында зейнетақы активтері 317,1 млрд теңгеге азайған.

Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша таза инвестициялық табыс теріс көрсеткішке шығып, минус 2,4 млрд теңгені құрады.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 159,6 трлн теңгеге жеткен. Осылайша зейнетақы жинақтарының ЖІӨ-дегі үлесі 15,8 пайызды құрады.