Freedom Inside '26

Онлайн казиноны жарнамалаған блогерлерді жауапқа тарту ұсынылды

Онлайн казиноны жарнамалаған блогерлерді жауапқа тарту ұсынылды
Dalanews.kz коллажы

Қазақстанда онлайн казино жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында цифрлық кеңістіктегі жаңа сын-қатерлер туралы айтты. Оның сөзінше, оқырманы көп отандық блогерлер оңай ақша іздеп, онлайн құмар ойындарды белсенді түрде жарнамалап, оған азаматтарды тартып жатыр.

"Осындай 37 адам анықталып, 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі бұл қадамға білместіктен емес, жиі-жиі заң бұзуға мақсатты түрде барады. Құмар ойындарды жарнамалауға қатысты тікелей жауапкершілік болмауы жағдайды қиындатып отыр. Осыған байланысты қаржы пирамидасына ұқсас онлайн казиноларды жарнамалауға қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз", - деді Қайрат Бижанов.