Бахаридин Әбләзімов өзіне берілген тұлпарды мешіт имамына сыйға тартты

Сағыныш Сардарова 07 қаз. 2025 13:08

Танымал кәсіпкер Бахаридин Әбләзімов өзіне берілген тұлпарды мешіт имамына сыйға тартты. Әлеуметтік желіде осындай видео тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол Жетісу жеріне келіп, дінге кім көп еңбек сіңіргенін сұрағанын айтты. Осылайша тұлпар Абдударда Таласбаев есімді азаматқа бұйырған.

"Көксу, Қаратал ауданының бас имамы болған. Қазір - Үштөбе қалалық мешітінің имамы, Қаратал ауданының құрметті азаматы. Мен бұл кісіні танымаймын. Бірақ осы кісінің еңбегіне тәнті болып, осы атты берсем", - деді видеода ол.

Айта кетейік, Бахаридин Әбләзімов - елдегі ең дәулетті адамдардың бірі. Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, Бахаридин Әбләзімов Тимур Құлыбаевпен, Дінмұхамет Идрисов және Ержан Достыбаевпен бірге "ҚазАзот" ЖШС үлестеріне ие. Сондай-ақ, бизнесменге "Ансаған Петролеум" ЖШС, "ТриасМунайГаз" ЖШС, "Матен Петролеум" АҚ, "Petro Chemical Company" ЖШС және "Радуга-Агро" ЖШС үлестері тиесілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар