Астана қаласының Полиция департаменті "Жаңа Арқа" тұрғын үй кешенінің салымшыларының арызымен алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу барысында құрылыс салушы тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды. Құрылыс салушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде 300-ден аса отбасының мүддесіне 4 млрд теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.
"Тергеу органы кінәлі адамды ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тергеу жалғасып жатыр, іс бойынша барлық қажет сараптама тағайындалды", - деді Астана прокуратурасы өкілі.