Freedom Inside '26

Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы қанша?

Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы қанша?
gov.kz

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі үш есеге жуық өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады. 

"Кейінгі 7 жылда дәрігерлердің орташа жалақысы 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін өсті. 1 адамға арналған медициналық шығын 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін ұлғайды. Қаржыландыру ұлғаюы медициналық көмектің қолжетімділігіне тікелей әсер етті. Бастапқы деңгейде көрсетілетін қызметтер және консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 2,7 есе ұлғайды", - деді Ақмарал Әлназарова.