Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әзербайжан президенті Ресей президентін туған күнімен құттықтаған.
"Телефон арқылы әңгімелесу барысында президенттер Әзербайжан мен Ресей арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы жөнінде пікір алмасты", – деп жазылған Әлиевтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, былтыр қыстағы ұшақ апатынан кейін Ресей мен Әзербайжан арасы суып кеткен еді.