Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгін Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болды.
