Қаскелеңде тамада әйелі мен қайын енесін қуып жүріп сабаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, 25 қаңтарға қараған түні Қаскелеңде 31 жастағы ер адам тұрмыстық жанжал кезінде жұбайын ұрып-соғып, оның анасына да дене жарақатын келтірген. Сондай-ақ, күдікті үйдің терезелерін және көлікті бүлдірген.
Қалада іс-шара жүргізушісі ретінде танылған ер адам әйелімен ажырасып жатқаны белгілі болды.
Алматы облысының Полиция департаменті бұл оқиғаны растады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша күдіктінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деді полиция.
