Қазақстанда бір ғана кафе ашу үшін шамамен 150 млн теңге қажет, ал бір мейрамхананың орташа құны 1 млрд теңгеге жетеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Нарық» сайтының мәліметінше, 2025 жылы елде бір жыл ішінде 73 мейрамхана салынып, іске қосылған. Оларға жұмсалған қаржы көлемі – 74,2 млрд теңге. Ал сол жылы 92 кафе ашылып, олардың жалпы құны 14,2 млрд теңгені құраған.
Ең көп қоғамдық тамақтану нысандары Түркістан облысында бой көтерген:
28 мейрамхана және 21 кафе.
Одан кейін Қызылорда облысы тұр:
8 мейрамхана және 14 кафе.
Сарапшылардың айтуынша, қоғамдық тамақтану бизнесі табысты сала саналғанымен, бастапқы инвестиция көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Құрылыс, жабдық, жалға алу, кадр және санитарлық талаптар шығыны кәсіпкерлер үшін басты кедергіге айналып отыр.
