Таразда қамқорлығындағы балаларды ұрған әйел қамауға алынды

Таразда қамқорлығындағы балаларды ұрған әйел қамауға алынды
видео кадры

Таразда қамқорлығындағы балаларды ұрған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті мәлімдеді.

"Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (Қинау) және 140-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Балалар медициналық қызметкерлердің тексеруінен өткізіліп, мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, тағы екі азамат №5 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жеткізілген.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында болған жағдайдың барлық мән-жайы жан-жақты зерделенбек. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Таразда әйел асырап алған балаларын аяусыз ұрып-соққаны хабарланды.