Таразда әйел асырап алған балаларын аяусыз ұрып-соққан

Сағыныш Сардарова 27 қаң. 2026 14:24

Таразда әйел асырап алған балаларын аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде журналист Руслан Өтепбай жантүршігерлік видео жариялады. Кадрда әйел балаларды ұрып-соғып жатқаны көрінеді.

Бұл жағдайға Тараз әкімдігі өкілдері пікір білдірді. 

"Бұл жайт 2025 жылғы 29 желтоқсанда анықталған. Сол күні балалар мектепке келген кезде білім беру мекемесінің психологі олардың денесінде ұрып-соғу белгілерін байқаған. Осы дерек негізінде полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, балалардың заңды қамқоршысы ретінде көрсетілген З.Т. есімді азаматшаға қатысты тергеу амалдары басталды", - деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде кәмелетке толмаған балаларды қамқорлығына беру туралы қаулының күші жойылған.

Балалар 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove