АҚШ Таяу Шығыста Иран зымырандарына қарсы арнайы жүйелерін орналастырды

Көркем Алдабергенова 27 қаң. 2026 15:48

АҚШ әскери қақтығыс болған жағдайда ирандық зымырандарды тойтару мақсатында Таяу Шығыстағы әскери базаларында Patriot зениттік-зымыран кешендері мен THAAD зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін орналастырды. Бұл туралы The Economist басылымы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда америкалық әскери инфрақұрылым толық дайындық күйіне келтірілген.

"Жойғыш ұшақтар, Patriot және THAAD кешендері, әуеде жанармай құюға арналған ұшақтар мен логистикалық орталықтар өз орындарына орналастырылды", - деп жазады The Economist.

Басылым АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери тобы соңғы уақытта айтарлықтай жылдам өзгеріске ұшырағанын атап өтеді. Бұл аймақтағы қауіпсіздік ахуалының күрделенуімен және Иран төңірегіндегі геосаяси шиеленістің күшеюімен байланысты болуы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove