“Учёт”компаниялар тобының негізін қалаушы әрі Respublica партиясының тең төрағасы ретінде танымал кәсіпкер Максим Барышев әлеуметтік желідегі жазбасында елдегі бірқатар салада қаржы жымқыру деректері анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (МӘМС), білім беру саласы, сондай-ақ зейнетақы қаражаты төңірегінде түрлі схема арқылы қаржы ұрлау фактілері тіркелген.
"Егер барлық жымқыру мен заңсыз әрекеттер толықтай жойылса,салықты көтерудің қажеті болмайды", - деді ол.
