Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

Қаракөз Амантай 26 қаң. 2026 13:53

Теңіз кен орнында мұнай өндіру жұмыстары қайта басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы электр энергиясын тарату жүйесінің қауіпсіз түрде іске қосылғанын және шикі мұнай өндіруді қайта жандандырудың бастапқы кезеңі басталғанын растады. Компания жағдайға қарай өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"ТШО өндірістік қызметтің қауіпсіз әрі тұрақты жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бейілдігін сақтайды",- деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі KazTAG редакциясына дүйсенбі күні.

Сонымен қатар ТШО өндірістік қызметіне қатысты нақты мәліметтерді жария етпейтінін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove