Мирболат Мырзатайұлының ісін қараған апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қаракөз Амантай 27 қаң. 2026 15:00

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы белсенді Мирболат Мырзатайұлының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Осылайша, былтыр оған қатысты шығарылған төрт жылға бас бостандығынан айыру үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мирболат Мырзатайұлы былтыр ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша айыпталған. Мемлекеттік айыптаушы сотта блогердің тіл мәселесіне қатысты арандатушылық сипаттағы талаптар қойғанын мәлімдеді. Прокурордың айтуынша, ол қазақ тілін білмейтін мекеме басшысын қызметтен босатуды талап етіп, бұл әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялаған.

Ал сот ғимаратына жиналған белсенділер блогерді қолдап, "Мирболатқа бостандық!", "Қазақ тіліне бостандық!" деген ұрандар айтты. Олар Мырзатайұлының әрекеті "Тіл туралы" заңның орындалуын талап етумен ғана шектелгенін алға тартты.

Еске салайық, былтыр қараша айында сот Мирболат Мырзатайұлын Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға соттаған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove