Back
| DalaNews

Мұғалімдер «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбы аясында эссе жазды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ИББжАТ кафедрасының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, ұйғыр тілі мен ұйғыр әдебиеті пәні мұғалімдері арасында курстан кейінгі қолдау, шығармашылық ойлау дағдыларын жетілдіру, қоғамға қажетті идея мен батыл пікір айтуға көмектесу мақсатында шығармашылық Эссе жазу конкурсын ұйымдастырып өткізді.

2020 жылдың 13 қарашасы  мен 25 қараша күндері аралығында конкурсқа 112 жұмыс келіп түсті. 81 жұмысты конкурстың ережесіне сай тақырыптың ашылуы, автордың өзіндік пікірінің болуы және оны негіздей алуы, баяндауының айқындылығы мен логикалық бірізділігі, тіл байлығы, лексиканы дұрыс қолдануы, сауаттылығы және дұрыс рәсімделуі бойынша бағалау критерийлері негізінде әділқазылар қарады.

| DalaNewsӘділқазылар құрамында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Саткенова Жайна Бағашарқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Әлия Арзиева, ПҚ БАИ аға оқытушылары, тренер Салтанат Арзымбетова, Айжан Есентаева, №86 МГ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі, шебер педагог Ләззатгүл Ахметова, №12 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Айжан Нүсіпбекова, №153 МГ ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлбақрам Илямова конкурсқа түскен жұмыстарды тексеріп, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс жеңімпаздарына дипломды тапсыру рәсімі 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 қараша күні өтті. Институт директоры п.ғ.д., ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері Садвакасова Раиса Аждаровна  конкурсқа қатысқан мұғалімдерді құттықықтап, І орын алған жеңімпаздарға диплом табыстады. ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Арзиева Алия Тохтамысовна ІІ орын жеңімпаздарына, ал ІІІ орын жеңімпаздарына дипломды ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна табыстады.

Атап айтқанда, І дәрежелі дипломымен  Бостандық ауданы  №140 МГ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Сафура Темірбаева, Алмалы ауданы №96 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шакен Әміреқұлова, Алмалы ауданы №90 лицейдің орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Ирина Коркина, Жетісу ауданы №101 МГ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Гульбахар Исламова, Жетісу ауданы №150 ЖББМ ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі Хакимжан Хамраев марапатталды. І

| DalaNewsІ дәрежелі дипломмен Әуезов ауданы №104 ЖББМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Бағдат Байғалиева,  Әуезов ауданы №139 МГ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Гүлнар Толқынбекова, Алатау ауданы №171 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Меруерт Қожағұлова, Әуезов ауданы №6 МГ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нағима Камалданова,  Наурызбай ауданы №187 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Әмірбек Нұрсұлтан,  Медеу ауданы №77 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлнур  Абдуллаева  , Әуезов ауданы №117 ЖББМ орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Ақмарал Телібаева  , Бостандық ауданы  №69 ЖББМ орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Ұлжан Ботатаева,  Алмалы ауданы   №96 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі  Зульфия Борашева,  Әуезов ауданы №153 МГ ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі  Ранигүл  Илиева,  Жетісу ауданы №101 МГ ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі  Абдукеим Имиров марапатталды.

Ал ІІІ дәрежелі дипломмен Әуезов ауданы №123 МГ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі  Эльнара Мансұрова,  Әуезов ауданы №126 МЛ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі  Салтанат Батырбекова, Әуезов ауданы №139 МГ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Тамаша Рахымжанова, Түрксіб ауданы №89 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алфия Ибрагимова, Әуезов ауданы №6 МГ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Софья Ильясова, Түрксіб ауданы №78 МГ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Раушан Алшабаева,  Бостандық ауданы №60 МГ Надежда  Фендрикова,   Бостандық ауданы №38 гимназияның орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Аида  Шамиловна, Жетісу ауданы №89 ЖББМ орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Аида Ишанова,  Наурызбай ауданы  №174 МГ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Калипа Қыстаубаева,   Наурызбай ауданы №186 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Анастасия Джазыкова, №148 МГ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Индира Тайтулеева,  Жетісу ауданы №101 МГ ұйғыр тілі мен әдебиеті мүғалімі Рашидям Хамраева, Жетісу ауданы №150 ЖББМ ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлнара Таирова, Түрксіб ауданы №89 ЖББМ ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі Мехирбанум Сраилова марапалды.

Конкурс жеңімпаздары  №140 МГ мұғалімі Сафура Темірбаева,  №90 лицейдің мұғалімі Ирина Коркина,  150 ЖББМ ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі Хакімжан Хамраев «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ ұжымына және конкурсты ұйымдастырушыларға ризашылықпен алғыс айтты. Шеберлікті шыңдау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қатысқан мұғалімдер әлемді дүрліктірген індеттен аман-есен шығып, қауіпсіз күндерде «Ұстаздар үйінде» бас қосайық, – деген ізгі тілектерін білдірді.