Freedom Inside '26

Астана әуежайында қару-жарақ тастайтын жәшік орнатылды

Астана әуежайында қару-жарақ тастайтын жәшік орнатылды
gov.kz

Кейінгі кездері жолаушылар арасында кастет, пышақ, таяқша және тағы басқа суық қаруды анықтау деректері жиілеп кеткен. Бас көлік прокуратурасы осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейінгі 5 жылда осындай деректер бойынша 92 адам сотталған.

"Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы мен Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Осыған орай елорда әуежайының аумағында суық қаруды өз еркімен тапсыру үшін арнайы жәшік орнаттық. Қылмыстық кодекстің 287-бабының ескертпесіне сәйкес суық қаруды өз еркімен тапсырған адамның әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - деп жазылған хабарламада.

Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, бүгінде жолаушылар суық қаруды өз еркімен тапсырып жатыр.