Freedom Inside '26

Қазақстан темір жолына жаңа басшы келді

Қазақстан темір жолына жаңа басшы келді
Sknews.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына жаңа басшы келді, басқарма төрағасы қызметіне Талғат Алдыбергенов тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұған дейін ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген. Алдыбергеновті ұжымға "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов таныстырды.

55 жастағы Талғат Алдыбергенов - Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, сондай-ақ, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Айта кетейік, осыған дейін ҚТЖ-ны уақытша Даниал Ахметовтың күйеу баласы Ерлан Қойшыбаев басқаратыны хабарланған еді. Ал бұрынғы төраға Нұрлан Сауранбаев жақында көлік министрі болып тағайындалған болатын.