"Жұмыссыздық көрсеткіші шындыққа жанаспайды". Депутат еңбек нарығындағы олқылықтарды атады

Қаракөз Амантай 27 мау. 2025 17:08

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі кейінгі 15 жылда 5 пайыз шамасында тұрақтап тұр. Алайда аталған көрсеткіш шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның айтуынша, елде еңбекке қабілетті он миллионға жуық адам болса, соның небәрі бес миллионы ғана нақты әрі тұрақты жұмыспен қамтылған.

"Бұл — алаңдатарлық жағдай. Пандемия кезінде 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны 4,5 миллион адам алды. Біз сол халықты бүгінге дейін толыққанды жұмыспен немесе кәсіппен қамтамасыз ете алмай келеміз", — деді депутат.

Бейсенбаев еңбек нарығындағы бұл көрсеткіштер елдегі нақты ахуалды көрсетпейтінін айтып, жауапты органдарды нақты әрі әділетті мәліметтерге сүйенуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар