Ұшақта тәртіп бұзған жолаушы жауапқа тартылды

Сағыныш Сардарова 03 шіл. 2025 19:00

Ұшақта электрон темекі шеккен жолаушы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биылғы алты айда Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздары мен әуе кемелерінде түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін акт бойынша 638 адамды түсірді. Оның 363-і жолаушылар пойыздарынан, 275-і әуе көлігінен түсірілген.

"2 шілдеде Ыстамбұл – Астана бағытындағы әуе рейсі елорда әуежайына қонғаннан кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдікті ұстады", - деп жазылған хабарламада.

Тексеру барысында көлік полицейлері 40 жастағы шетелдіктің ұшақтың әжетханасында электрон темекі шеккенін анықтаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар