Back
| DalaNews

Төтенше жағдай кезінде шымкенттіктер 200-ден астам көлікті онлайн тіркеген

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент қаласының тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200 астам автокөліктерін тіркеді.

Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электрондық үкімет порталында ала алады.

– Қызметті онлайн алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлык қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса жеткілікті. Айта кетейін, төтенше жағдай жарияланғалы бері 200 астам автокөлік онлайн тәсілмен тіркелді. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай өсетінін болжап отырмыз, өйткені алтын уақытын сарп етпей, мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ қарапайым және ыңғайлы шешімдерді таңдайтын азаматтарымыздың саны көбейіп келеді, – «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қласы бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаева.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн режимінде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек.

Егер бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін мемлекеттік нөмір және техпаспорт үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін авто ХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық төлқұжатты алып кету үшін барады.

Тағы оқыңыз:

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы 8236 отбасыға азық-түлік жеткізген