Back
| DalaNews

Жетісайлық диқандары мақтаның 90-95 пайызын ком комбайнмен теруді жоспарлап отыр

Жетісай елімізде бірінші кезекте ауыл шаруашылығы ерекше дамыған өңір ретінде аса танымал. Жетісай десе, көпшіліктің көз алдына алдымен қауын-қарбыз, ақ алтын – мақта, бақша дақылдары елестейтіні анық.

Биыл аудан диқандары негізгі дақыл – мақтадан мол өнім алып, бейнеттерінің зейнетін көрді. Жыл басында аудандық әкімдік мақтаның шығымдылығы гектарына кемі 25 центнерден кем болмауы керек деп алдына мақсат қойған болатын. Жоспар ойдағыдайорындалып, алға қойған межеге қол жеткізді.

– Ауданда бұған дейін мақтаның 90-95 пайызын қолмен терілген еді. Қазір шаруалар мақтаны жылдан-жылға комбайнмен теруге көшіп жатқанын Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаев алға тартқан болатын:

Алдағы уақытта мақтаны арнайы техникамен жинаудың көлемін 90-95 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір қосымша тағы төрт жүйекті 12 комбайн алдырудамыз. Ол бұрынғы екі комбайнның рөлін атқарады. Сапалы, таза тереді. Бұрынғыдай балаларымыз мақта тергенше, сабақ оқысын. Қыздарымыз, келіндеріміз 20-30 келі қап арқалап, ауру жапсырғанша, бала тусын, бала тәрбиесімен айналысқанын қалаймыз. Ал Өзбекстаннан келетін жұмысшыларға тапқан табыстың 20-30 пайызын бергенше, оған аздап ақша қосып, комбайын сатып алған жөн. Комбайнмен тергенде оған кететін шығын тапқан табыстың 10-15-ақ пайызын құрайды. Шаруаларға осыны түсіндіріп жатырмыз, – деді.

 

Dalanews.kz