Заң факультеті студенттері «Болмаған балалық шақ» спектаклінің премьерасын тамашалады

Dalanews 27 қаз. 2023 11:01 770

27 қазан күні Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Тиімді даму мақсатының «Салауатты өмір салты және салауаттылық» атты 3-тармағын жүзеге асыру аясында Ақын Ақберен Елгезектің 21 ғасырдың үздік прозалары қатарына енген  туындыларының бірі «Болмаған балалық шақ» қойылымды  тамашалауға әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «6В12301 Құқық қорғау органдары» білім беру – бағдарламасы бойынша «Құқық қорғау қызметі мамандығының 1 – курс ҚҚҚ - 111 топ студенттері барған болатын.

Қойылымда ауылдың жас баласының өмірі туралы жастайынан әкесі мен ағасынан айырылып, сәлден соң әпкесі оны тастап, үлкен қалаға оқуға кетеді.

Баласынан бөлек басқа отбасымен тұруға мәжбүр болған анасы көп ұзамай оған толық отбасын беруге тырысады, ақырында бұл сәтсіздікке ұшырайды.

Қиын балалық шақтағы оқиғаны көркем тіл арқылы көрерменге жеткізу, бейнелеу өнерін көрсетуді көздейді. Ол өмірдің қиындықтары мен қиын тағдырына қарамастан, әркім өмір сүріп, өмірін жақсартуға тырысатынын, қиындықтарды жеңетінін, алда жақсырақ, бақытты болашақ күтіп тұрғанына сенетінін түсінеді.

Негізінен қойылымды студентер қарап отырып жылады және  жылап отырып күлді осындай эмоцияны сыйлай білген театрда  өнер көрсеткен шығармашылық топқа сапалы әрі сауатты қойылған қойылым  екенін қорытындылауға болады.

Шараның мақсаты: Театрланған өнерді қолдану арқылы, білім алушыларды мейірімге, жанашырлыққа, қиындықтарды жеңе отырып, жеңіске жетуге тәрбиелеу.

 

Сұлушаш ДАУБАСОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар