Қазақстанда халықаралық есірткі желілерінен 6,3 млрд теңге тәркіленді

Қаракөз Амантай 04 жел. 2025 15:31

Қазақстанда халықаралық ірі есірткі желілері әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, тергеу барысында 1 млрд 155 млн теңге қолма-қол ақша, сондай-ақ мемлекет кірісіне 3,2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Бұдан бөлек, 734 мың теңге көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынып, 500 млн теңгеден астам мүлік тәркіленген.

Оның дерегінше, Шымкентте Telegram арқылы жұмыс істеген 300-ден астам қатысушысы бар халықаралық есірткі желісі жойылды. Тек екі фигуранттың қаржылық транзакциялары 7 млн доллардан асқан. 24 адам ұсталып, олардың арасында Ресей, Өзбекстан және Ауғанстан азаматтары бар. Ақша дропперлердің карталары мен тіркелмеген криптобиржалар арқылы шетелдегі ұйымдастырушыларға аударылып отырған. Қала аумағында екі есірткі зертханасы анықталып, жойылған. Онда дайын мефедрон, буылып-түйілген есірткі топтамалары, арнайы құрал-жабдықтар табылған.

Ұлытау облысында Telegram-дүкен Kaef Mafia-ның қызметі тоқтатылды. Цифрлық активтер мен криптовалюталық әмияндар қоса есептелгенде, мемлекет кірісіне 3,2 млрд теңгеден астам қаржы өндірілді.

Маңғыстау облысында Dune-Operator 24/7 желісінің мүшелері есірткі саудасынан түскен ақшаны банкке өткізуге тырысқан. Нәтижесінде 1 млрд 155 млн теңге және 176 мың доллар тәркіленді. Сондай-ақ сот кәсіпкердің есепшотындағы 1 млрд теңгеге және 734 мың доллар көлеміндегі криптоәмиянға бұғат қойды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар