Ақтөбеде немересі пышақтаған зейнеткердің жағдайы белгілі болды

Сағыныш Сардарова 04 жел. 2025 15:54

Ақтөбеде немересі пышақтаған зейнеткердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz stan.kz-ке сілтеп.

Немересінің шабуылынан аман қалған 71 жастағы қария есеңгіреп қалған. Ол сол күнді есіне де алғысы келмей, түнде шошып оянатынын айтқан.

Ақтөбеде анасын пышақтап өлтірді деген мектеп оқушысы әжесіне де ауыр жарақат салған. 71 жастағы зейнеткер 2 желтоқсанда түнгі сағат 01:40-та №1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, қарияның денесінде көптеген жарақат бар.

"Бес жерінен жарақат алған, қабырғасы сынған. Кеуде қуысына, іш қуысына жабық жарақат салған. Аяқ-қолы кесілген. Барлық диагностикалық шара жүргізілді. Қазір жағдайы орташа ауыр. Ем толық жүргізіліп жатыр. “Естімеймін, балам естімеймін" деп ештеңе айтпайды. Әңгімесін айтады. Бірақ сұрақ қойсаң, естімейді", – деді №1 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Қадірбек Иманбаев.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға тіркелді. 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтіріп, әжесін жаралаған деген күдікке ілінді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар