Алматыда жер сілкінді: қай өңірлерде сезілді, қанша балл тіркелді?

Сағыныш Сардарова 04 жел. 2025 14:02

Бүгін Астана уақытымен 12:44-те ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан.

"Магнитудасы MPV - 6.7, тереңдігі 5 - шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісі былай сезілген:

  • Алматы қ. - 3 б.
  • Алматы обл. Кеген ауд. - 3 б.
  • Алматы обл. Райымбек ауд. - 3 б.
  • Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. - 3 б.
  • Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. - 3 б.
  • Алматы обл. Ұйғыр ауд. - 3 б.
  • Алматы обл. Қарасай ауд. - 3 б.
  • Алматы обл. Іле ауд. - 2 б.
  • Алматы обл. Жамбыл ауд. - 2 б.
  • Алматы обл. Алатау (Жетіген) қ. - 2 б.
  • Алматы обл. Қонаев қ. - 2 б.
  • Алматы обл. Балқаш ауд. - 2 б.
  • Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б.
  • Жетісу обл. Кербұлақ ауд. - 2 б.
  • Жетісу обл. Панфилов ауд. - 2 б.
  • Жамбыл обл. Қордай ауд. - 2 б.
  • Жетісу обл. Текелі қ. - 2 б.
  • Жетісу обл. Көксу ауд. - 2 б.
  • Жетісу обл. Ескелді ауд. - 2 б.
  • Жетісу обл. Қаратал ауд. - 2 б.
  • Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы - 2 б.
  • Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. - 2 б.
  • Жамбыл обл. Шу қ. - 2 б.
  • Жамбыл обл. Меркен ауд. - 2 б.
  • Жамбыл обл. Т. Рысқұлов атындағы ауд. - 2 б.

Желіде жер сілкінген кездегі суреттер тарады. Адамдар жаппай далаға шыққан. Ал мектептерде қауіпсіздік мақсатында біраз уақыт оқушылар ғимаратқа кіргізілмеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар