Қазақстандық астық өндірушілер мен экспорттаушылар шекарадағы логистикалық шектеулерге байланысты тағы да қиындықтарға тап болды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысы Сарыағаш мемлекетаралық бекеті арқылы жүк қабылдауға конвенциялық тыйым салды. Бұл өткізу пункті – Қазақстаннан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан бағытындағы астық экспортының негізгі бағыты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шектеулер тек қазақстандық экспорттаушыларға қатысты қолданылып отыр. Ал Ресейден немесе Өзбекстаннан транзит арқылы өтетін жүктерге бұл тыйым әсер етпейді. Бұл – осындай жағдайдың алғаш рет қайталанып отырғаны емес.
Сала өкілдерінің айтуынша, мұндай тыйымдар бірнеше теріс әсерге әкелуде:
- шетелдік жеткізушілер Қазақстанның дәстүрлі нарықтарын басып алуда;
- отандық өндірушілер вагондардың қараусыз тұрып қалуына байланысты айыппұл төлеп, өз сатып алушыларын жоғалтады;
- бюджет жоспарланған салық түсімін ала алмай отыр.
Сарапшщылардың сөзінше, астық экспортындағы жағдай Қазақстанның жалпы экспорттық логистикасының қаншалықты осал екенін көрсететін индикаторға айналды.
"Егер бүгін ұлттық компания астыққа конвенциялық тыйым салса, ертең дәл осындай шектеулерге мұнай өнімдері немесе басқа стратегиялық жүктер тап болмайтынына қандай кепіл бар? Теміржол инфрақұрылымына тәуелділік әсіресе жанар-жағармай өнімдері үшін жоғары. Бұл тәуелділік кез келген уақытта отандық өндірушілердің нарықтағы позициясын әлсіретуі мүмкін", - дейді сарапшылар.
