Сейсмологтар Алматыда алда жер сілкінісі болып-болмайтынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлының сөзінше, 4 желтоқсанда сағат 12:44-те Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген.
"Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, сағат 15:00-де Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты. Алматы болжам полигоны аумағында сейсмикалық шкала бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", - деді ол.
Айта кетейік, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан.
"Магнитудасы MPV - 6.7, тереңдігі 5 - шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді", - деп жазылған хабарламада.
