Қазақстанда әншілерге фонограммамен өнер көрсетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Түзетулердің төртінші блогы мәдениет саласындағы бірқатар мәселені шешуге бағытталған.
"Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынады (Бұл ереженің телевизиялық жазбаларға, концерт өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарға қатысы жоқ). Сондай-ақ, авторлық құқық нысаны саналатын шығармаларды масс-медиада немесе онлайн платформаларда жария түрде пайдаланған кез келген жағдайда авторды (авторларды) көрсету міндетті", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін осы мәселені депутаттар көтерген еді.
