"Қазақ әліпбиін латын жазуына аудару жоспары дайындалды. Латын графикасы негізінде жаңа қазақ әліпбиінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленеді", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, 2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылады.
"Үшінші кезең 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын кезеңменен көшіру жоспарланған. Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл қазына» орталығы құрылуда", – деп түйіндеді Ерлан Қожағапанов.