Қазақстанда отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметі пайда болады. Бұл туралы мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президенттің айтуынша, отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында жұмыс істейді. Ол комиссия төрағасының орынбасары ретінде қызмет атқарып, өз жұмысы туралы президентке тұрақты түрде есеп беріп отырады.
"Мұндай жүйе отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және отбасы саясаты саласындағы басқа да маңызды мәселелерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
