Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.
Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті.
Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды. Осылайша, ол Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.
Юлия Путинцева әйелдер арасындағы жеке сайыста ел тарихында жүлде алған бірінші теннисші ретінде тіркелді.