Сеулдегі құрылыс нысанында қазақстандық жұмысшы көз жұмды

Сеулдегі құрылыс нысанында қазақстандық жұмысшы көз жұмды
ЖИ: Dalanews.kz

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында құрылыс алаңында жұмыс істеген Қазақстан азаматы қаза тапты. Ақпаратты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға 29 қыркүйекте болған. Қазақстандық азамат ғимараттың 23-қабатында жұмыс жүргізіп жатқан кезде бетон төбенің бір бөлігі құлап, ауыр жарақат алған. Қайғылы жағдайдан кейін Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі құрылыс нысанындағы барлық жұмысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қазақстанның дипломатиялық өкілдері марқұмның жақындарымен байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық қолдау көрсетіп жатқанын хабарлады. Қазір оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын Оңтүстік Кореяның құзырлы органдары тексеріп жатыр.