Шымкентте 20 шетелдік заңсыз жұмыс істегені анықталды

Самал Асқар 06 нау. 2026 16:12

Шымкентте полиция заңсыз көші-қонға қарсы жедел-профилактикалық іс-шара жүргізіп, ондаған құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Dala news.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тексеру барысында кәсіпкерлік нысандарының бірінде 20 шетелдік азаматтың тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек еткені белгілі болған. Олар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша заң бұзушыларға қатысты материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысанның басшысы заңсыз еңбек мигранттарын пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Жалпы жедел-профилактикалық іс-шара барысында Қазақстан аумағына кіру, шығу және болу тәртібін бұзудың 100-ден астам фактісі анықталған. Әрбір дерек бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Полиция өкілдері көші-қон заңнамасын сақтау шетел азаматтары үшін де, оларды жұмысқа тартатын жұмыс берушілер үшін де міндетті екенін еске салды. Заң талаптарын бұзу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove