Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы Боранқұл ауылындағы теміржол станциясында түсірілген видео тарады. Онда платформаларға тиелген танктер мен әскери жүк көліктері бар жүк пойызы көрсетілген. Бейнежазба желіде жылдам тарап, өңір тұрғындарының арасында түрлі сұрақ туғызды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға байланысты пікір білдіріп, ешқандай төтенше жағдай жоқ екенін айтты. Ведомствоның мәліметінше, әскери техника артиллериялық бөлімшелердің оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін полигондардың біріне жеткізіліп жатыр.
"Бұл техниканың қозғалысы жауынгерлік дайындық жоспары аясында жүзеге асып жатыр. Мұндай тасымалдар далалық жаттығулар мен оқу жиындарын өткізу кезінде жиі қолданылатын қалыпты тәжірибе", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі Lada.kz редакциясына.
Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.
