Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қазақстандық паспорттың күші жыл сайын артып келе жатқанын бірнеше рет атап өткен еді, деп хабарлайды Dala news.
Президенттің айтуынша, Қазақстан барған сайын әлемнің түрлі елдерінен адамдар өмір сүруге және саяхаттауға таңдайтын мемлекетке айналып келеді. Сондай-ақ қауіпсіздік деңгейі бойынша ел көптеген мемлекеттерден озып тұрғаны айтылған.
Бүгінде бұл сөздер жаңа мазмұнға ие болып отыр. Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау аясында мемлекет өз азаматтарын қорғау басты міндет екенін тағы да көрсетті.
Қазақстандықтар елге мемлекет қолдауымен оралып жатыр. Бұл – Қазақстан қай жерде жүрсе де өз азаматтарын қорғауға дайын екенін нақты ісімен дәлелдеп отырғанының көрінісі.
