Өзбекстанда түрмедегі әйелдерге қашықтан білім алуға мүмкіндік беріледі

Көркем Алдабергенова 07 нау. 2026 13:00

Өзбекстанда жазасын өтеп жатқан әйелдерге жоғары оқу орындарына түсіп, қашықтан білім алуға және түрлі кәсіпті меңгеруге мүмкіндік жасалмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзияев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі таңда жазаны өтеу мекемелерінде 2589 әйел бар. Олардың 1239-ы орта білім алғанымен, белгілі бір мамандықты игермеген.

Сондай-ақ 443 әйел жоғары оқу орнына түсіп, білімін жалғастырғысы келетінін білдірген. Осыған байланысты оларды қоғамға бейімдеуге арналған «Жаңа өмір» бағдарламасы іске қосылады.

Бағдарлама аясында сотталған әйелдерге қашықтан оқу мүмкіндігі беріліп, түрлі кәсіп түрлерін меңгеруге жағдай жасалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove