Иран президенті Масуд Пезешкиан Иран тарапынан шабуылға ұшыраған көрші мемлекеттерден жария түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол бұл туралы телеэфирде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Пезешкианның айтуынша, Иран бұдан былай көрші елдерге өздері бірінші болып шабуыл жасамайынша зымыран ұшырмауы тиіс. Президент бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешу қажет екенін атап өтті.
«Иран тарапынан шабуыл жасалған көрші елдерден кешірім сұрауым керек. Осы сәттен бастап біз көршілерімізге шабуыл жасамауымыз керек және олар бізге бірінші болып шабуыл жасамайынша, оларға қарсы зымыран ұшырмауымыз қажет. Менің ойымша, бұл мәселені дипломатия арқылы шешу керек», – деді ол.
Сонымен қатар, Пезешкиан аталған шабуылдар әскердегі басқару мәселелеріне байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, жағдайды Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи мен тағы бірнеше жоғары лауазымды тұлғаның қаза табуы күрделендірген.
