Талғат Әбдіжаппаров, қоғам қайраткері:  "Бізге референдум не үшін қажет?"

Dalanews 25 ақп. 2015 00:15 775

Бүгінде Қазақстан үлкен саяси кезеңнің қарсаңында тұр. Күні кеше ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу турасында қазақ қоғамына үндеу тастағалы қоғам бұл мәселе турасындағы ойын білдіріп жатыр. Меніңше, кезектен тыс сайлау емес, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін  2022 жылға дейін ұзартатын жалпы халықтық референдум өткізудің мәні зор деп есептеймін. Неге?

[caption id="attachment_9511" align="alignleft" width="221"]Талғат Әбдіжаппаров Талғат Әбдіжаппаров[/caption]

Референдумға қатысты ой-пікірімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осыдан біршама күн бұрын білдіргенімде кезектен тыс сайлау өткізуге біраз сын айтқан азаматтар менің ойымды ақылға сыймайтын құбылыс санап, өз наразылығын білдірді.

Енді осы мәселеге қатысты ойыммен бөліссем. Қазіргі таңда Нұрсұлтан Назарбаевқа тең келетін үміткер жоқ. Сайлауды кезектен тыс, болмаса уақытында өткізсек те Елбасы электораттың басым дауысына ие болып, қарсыластарын шаң қаптырып кететіні айдан анық. Бұдан жалпы халықтың Елбасына деген сенімін байқаймыз. Кейбіреулер бұл демократиялық құндылықтарға сай келмейтін құбылыс дейді. Қазір демократияның отаны саналатын АҚШ пен Батыс елдерінің өздері Ливия, Сириядағы жағдайға көз жұма қарағанынан-ақ бұл бағытта біз өз жолымызды табатын кез келді.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне ие болған жиырма жылдан астам уақыт ішінде ұлттық мемлекет құру жолында қыруар жұмыс атқарды. Осы кезеңде Тұңғыш Президентіміз өзінің күш-жігерін еліміздің өркендеп, экономикалық тұрғыдан кемелденуіне жұмсағанын бәріміз білеміз. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қажырлы еңбегінің арқасында ТМД мен Орталық Азия мемлекеттері арасында Ұлт Көшбасшысы деңгейге көтерілген бірден-бір тұлғаға айналды. Біздер референдум өткізу арқылы айналамыздағы көршілерімізге қандай деңгейдегі ұлттық мемлекет құрғанымызды паш ететін боламыз. Украинадағы саяси ахуал қиындап тұрған тұста барша қазақстандықтар референдум арқылы айдай әлемге бірлігіміздің мызғымастығын әйгілеп, Ұлт Көшбасшысына сенім артатынымызды тағы да көрсетуіміз керек.

Әрине, референду өткізу үшін Президент қос палаталы Парламентке Конститутцияға өзгерістер енгізіп, референдум өткізу турасында ұсыныс жасауы тиіс. Сол кезде ғана референдумға толық жол ашылатынын түсінемін. Бұл ретте Елбасы кезектен тыс сайлау мен референдумға нүкте қойып, соңғы сөзді айтатыны анық.
Әдетте, Шығыс халықтарындағы мемлекет басқарушылар елді стратегиялық тұрғыдан басқарып, табысқа жетелейді. Бұл ретте әлемді аузына қаратқан Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мұхаммад сынды ғаламдық тұлғалардың саяси іс-тәжірибесін назарға алсақ жетіп жатыр.

Ендігі кезекте референдум өткізудің маңыздылығы жайында тағы да айта түссек. Жалпы Шығыс халықтарының ел басқаруында Батысқа ұқсамайтын өзіндік тәсілдері ертеден қалыптасқаны белгілі. Әдетте, Шығыс халықтарындағы мемлекет басқарушылар елді стратегиялық тұрғыдан басқарып, табысқа жетелейді. Бұл ретте әлемді аузына қаратқан Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мұхаммад сынды ғаламдық тұлғалардың саяси іс-тәжірибесін назарға алсақ жетіп жатыр. Олар өз елін стратегиялық тұрғыдан басқарып, батыл қадамдарға барды. Мұндай шешімшіл, алысты күні бұрын болжайтын қырағылық Нұрсұлтан Назарбаевтың өн-бойынан да табылады. Кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдаушылар алдағы жылдары дүниежүзі үлкен экономикалық қиыншылықтармен бетпе-бет келетінін айтып, өз ойларын сабақтап жатқанын көріп, естіп жүрміз. Әрине, әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегіне айналған Қазақстанға дүниежүзіндегі орын алып жатқан қаржылық-экономикалық дағдарыс өз салқынын тигізетіні сөзсіз. Мұндай қиыншылық орын алған тұста саяси науқандар өткізіп, жұртты екіұдай жағдайда қалдырудың жөн емес екенін түсінеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жағдайдың бұлайша шиыршық ататынын күні бұрын біліп, оған қарсы экономикалық шаралар қабылдаған. Бұдан Елбасының бойында Шығыс халықтарының мемлекет басқарушыларына тән алысты болжайтын, мемлекетті стратегиялық тұрғыдан басқаратын көргенді қасиет әбден қалыптасқанын аңғарамыз. Президент өзінің «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы экономикалық қиыншылықтарды еңсеруді көздеуде. Осы ретте Нұрсұлтан Әбішұлының көрегенді басшы екенін айғайтайтын мына бір жайтты айтпай кетпеске болмайды. Бәріміз жақсы білеміз, 1929-1933 жылдары АҚШ-та болған «Ұлы депрессия» кезінде алпауыт елдің экономикасы құрдымға кетейін деп тұрған жерінен жаңадан салынған жолдар құтқарып қалды. Осы бір іс-тәжірибені Елбасы күні-бұрын басшылыққа алып, елімізде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысын ерте бастан бастады. «Ғасыр жобасы» деген атауға ие болған жоба 2017 жылы аяқталады. Бұдан басқа Еуразия кеңістігіндегі транзиттік бағытта үйлестіруге септігін тигізетін темір жолдардың құрылыс жұмыстары да осы кезеңде толықтай аяқталуы тиіс. Президент саясатының арқасында іске асқан ірі ифрақұрылымдық жобалар әлемдік қаржылық-экномикалық дағдарыс қос өкпеден қысқанда кең байтақ жеріміздің транзиттік мүмкіндігін пайдаланып, қыруар табыс тауып, экономиклық тұрақтылықты сақтап қалуға септеседі.

Украинадағы саяси дағдарыстан кейін Ресей Қытай мен Шығыс Азия елдерімен байланысты кеңейтуге күш сала бастады. Ал олардың бұл ойын Қазақстанның дамыған транзиттік әлуетінсіз елестету мүмкін емес. Дамыған инфрақұрылым тұтас Қазақстаннан басқа Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне кепіл болатынын да ұмытпауымыз керек. Мемлекет басшысының Қазақстанның көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетін арттырып, еліміздің тұрақты экономикалық дамуын және қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етуді көздегенін көреген саясат екенін кез келген адам түсінуі іс.  

A woman casts her ballot during the referendum on the status of Ukraine's Crimea region at a polling station in SevastopolСондықтан еліміздің ертеңі үшін аянбай тер төгіп жүрген Мемлекет басшысына халық референдум арқылы тағы да сенім артуы тиіс. Меніңше, жалпы халықтық референдум Президент пен халық арасындағы сенімді нықтай түсетінімен құнды. Осы ретте кезектен тыс сайлау өткізу бастамасының Ассамблея тарапынан айтылуының да мәні зор. Референдум кең байтақ Қазақстанды мекендеген өзге ұлт өкілдері бірлігінің мызғымастығының айқын белгісі болып саналады. Жалпы халықтық референдум ішіміздегі саяси топтардың қызуын басып, айналамызға айбынды ел екенімізді көрсететін бірден-бір мүмкіндік. Осылайша қазақ қоғамы қандайда бір сыртқы және ішкі күштердің елімізді жікке бөліп, лаң салуына жол бермейтінін нақты іспен дәлелдейтін болады.
Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылыққа саясат сахнасында мол тәжірибе жинаған, әлемді мойындатқан бірегей саяси тұлға ғана кепіл бола алады. 

Қазір халық алдында жауапкершілікті мойнына алмайтын шенеуніктер көбейіп кетті. Олар қарапайым халықтың әлеуметтік хал-ахуалы туралы ойлана бермейді. Сондықтан мұндай ақ жағалыларға халық сенбейді. Бүгінде халық тек қана Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім артып отыр. Бұл ретте 1991 жылғы референдумды еске алсақ жетіп жатыр. Сол сияқты бұл жолы да халық Елбасына сенім артып, қолдау көрсететіне сенімдімін. Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылыққа саясат сахнасында мол тәжірибе жинаған, әлемді мойындатқан бірегей саяси тұлға ғана кепіл бола алатынын жақсы білеміз. Сондықтан техникалық және экономикалық тұрғыдан бізге референдум өткізу тиімді болып тұр.    

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар