Сүйек сорпа – адамзат тарихындағы ең көне әрі пайдалы тағамдардың бірі. Ол тек ас мәзірінің бөлігі емес, көптеген халықтардың дәстүрлі медицинасының маңызды элементі болып саналады. Бүгінде салауатты өмір салтын ұстанатындар мен дұрыс тамақтануды қолға алған адамдар арасында сүйек сорпа қайтадан танымал бола бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сүйек сорпасының пайдасы
Сүйек сорпасы табиғи коллагенге, аминқышқылдарға, дәрумендер мен минералдарға бай. Оның құрамында кальций, фосфор, магний, темір, цинк және селен секілді ағзаға қажетті элементтер мол.
Коллаген – біздің сүйек, тері, шаш, тырнақ пен буындарымыздың негізгі құрылыс материалы. Ол жараның жазылуын тездетеді, терінің серпінділігін арттырады, шаштың өсуіне ықпал етеді, буындардың қозғалысын жеңілдетеді.
Ғылыми зерттеулерге сәйкес, сүйек сорпасын тұрақты тұтыну зат алмасуды жақсартады және бұлшықет массасын сақтауға көмектеседі.
Ол иммунитетпен пен асқазанға пайдалы
Сүйек сорпасының тағы бір артықшылығы — асқазан-ішек жолдарының саулығына оң әсері. Ондағы глицин мен пролин сияқты аминқышқылдар қабынуды азайтады, ішек қабырғасын қалпына келтіреді және иммундық жүйені нығайтады.
Сондай-ақ, ол ЖРВИ және тағамнан улану кезінде ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі, өйткені ол ағзадағы сұйықтық пен ақуыз тапшылығын тиімді өтейді.
Ол буындар мен сүйектерге пайдалы
Сорпадағы коллаген мен желатин буындардың қозғалысын жақсартады, артрит пен ревматизмнің белгілерін жеңілдетеді. Бұл әсіресе егде жастағылар мен белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін пайдалы.
Ол теріге пайдалы
Бір қызығы, сүйек сорпасы – табиғи “сұлулық сусыны”. Оның құрамындағы коллаген терінің тегіс әрі серпінді болуына көмектеседі, әжімдердің пайда болуын баяулатады. Сондай-ақ, тырнақтарды қатайтып, шашты қалың әрі жылтыр етеді.
Сүйек сорпасын қалай дұрыс дайындау керек?
Нағыз пайдалы сорпа алу үшін ең бастысы – сапалы сүйектер таңдау.
-
1 кг сүйекке 3–4 литр су құйып, баяу отта кем дегенде 6–12 сағат қайнатады.
-
Қайнау кезінде аздап лимон шырыны немесе сірке суын қосса, сүйектегі минералдар жақсы бөлінеді.
-
Тәтті дәм мен хош иіс үшін сәбіз, пияз, балдыркөк, лавр жапырағы, сарымсақ қосуға болады.
-
Дайын сорпаны сүзіп, салқындатқан соң тоңазытқышта 3 күнге дейін, ал мұздатқышта 3–4 айға дейін сақтауға болады.
Сүйек сорпасын таңертең ашқарынға ішсеңіз, ол ас қорыту жүйесін оятып, энергия береді. Сондай-ақ, күндізгі немесе кешкі асқа да жарайды. Кейбіреулер оны көкөністермен, жұмыртқамен толықтырып ішеді.