Қазақстан Иранға азық түлік пен дәрі дәрмек тиелген 30 теміржол вагонынан тұратын гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
KazAID Қазақстан халықаралық даму агенттігінің мәліметінше, гуманитарлық жүк Қазақстан үкіметінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылған.
«Қазақстан Республикасының үкіметі қаулысына сәйкес, Қазақстан халықаралық даму агенттігі KazAID Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Ислам Республикасы Иранға азық түлік пен дәрі дәрмек тиелген 30 теміржол вагонын жөнелтуді ұйымдастырды», – делінген хабарламада.
Аталған гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына табысталатыны айтылды.
«Қазақстан халқынан достас Иран халқына жолданған көмек екі ел арасындағы тату көршілік қарым қатынас пен өзара қолдаудың көрінісі», – деп мәлімдеді агенттік.
Ресми мәліметке сәйкес, гуманитарлық көмек құрамына әлеуметтік маңызы бар азық түлік өнімдері мен медициналық препараттар енгізілген.