15 мамырда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
15 мамырда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 15 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 15 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
15 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 мамырда түнде Абай облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 15 мамырда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
15 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 15 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
15 мамырда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 4 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 15 мамырда түнде топырақтың бетінде 1 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
15 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 15 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
15 мамырда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 17-22, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Қонаев қ.: 15 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
15 мамырда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, обылыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 15 мамырда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
15 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 15 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.