Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова өзіне арнайы іздеп келген ер азамат туралы айтып, көпшілікті күлдірді. Өнер иесінің тойда айтқан әңгімесі әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Мөлдір Мұқанова жақындарының басқосуында Хантөре есімді жігіттің күтпеген әрекетін еске алған. Оның айтуынша, әлгі азамат сөзге шешен, әр ойын мақал-мәтелмен жеткізіп, әңгімелескен адамның көзіне тіке қарайтын жігіт екен.
Продюсер бір күні Хантөренің үйіне арнайы келіп, өзінің хал-жағдайын сұрағанын жеткізді. Әсіресе жігіттің өзін «апай» немесе «тәте» демей, есімімен атағаны қызық көрінген.
"Мені жас көрді ме екен, "апай" не "тәте" демей, бірден атыммен атады", – деп күліп еске алды.
Өнер иесінің сөзінше, Хантөре келген кезде өзі үйде болмаған. Жігіт оның сұхбатын көргеннен кейін көңіл күйіне алаңдап, арнайы жағдайын білуге барған.
"Мөлдірдің жағдайы жақсы ма? Сұхбатын көріп, мұңайып қалдым", – деген екен ол.
Мөлдір Мұқанова осы оқиғаны әзілге айналдырып, соңғы уақытта күтпеген адамдардың өзіне ерекше көңіл бөліп жүргенін айтты.
"Жағдайымды сұрап, есігімді қаққан еркек қой. Күткен еркек емес, күтпеген еркектер жағдайымызды сұрап, есігімізді қағып жатыр", – деп сөзін түйіндеді продюсер.
Әншінің әзіл аралас әңгімесі тойға жиналған қауымды күлкіге қарық қылды.