Астана тұрғыны бейтаныс ер адам көшеде тиіскенін айтып, полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстаған.
"Ол көшеде қыздың соңынан аңдып, ғимаратқа кіреберісте оған әдепсіз әрекеттер жасаған", - деді Астана ПД өкілі.
Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатыр. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.