Алматыда ойын кезінде 19 жастағы футболшы көз жұмды

Dalanews 16 қаз. 2025 23:11

"Хан тәңірі" мен Екібастұз футбол клубтары арасындағы ойын кезінде 19 жастағы футболшы Диас Төлеу кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсететін алматылық клуб ойыншысы кездесу барысында жарақат алып, кейіннен қаза болды. Қайғылы оқиға туралы "Хан тәңірі" футбол клубы да ресми хабарлап, Диастың жақындарына көңіл айтты. 

8 номерде ойнаған Диас Төлеу "Қайрат" футбол клубы академиясының тәлімгері. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар