Мәдениет және өнер ұйымдары қанатын кеңге жайып, дүйім жұртты «паһ шіркін» деп өздеріне қаратып ақ келеді.
Өңірде жалпы саны 359 яғни оның ішінде 169 клубтық мекеме, 170 кітапхана, 6 мұражай, 1 театр жұмыс істеп келеді.
Ал соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысында 1 млрд. 802 млн. теңге сомасына 4 жаңа мәдениет нысандары бой көтерді және 3,7 млрд. теңге сомасына 56 мәдениет орны жөндеуден өтті.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы археология саласына ерекше көңіл бөлуде. Нәтижесінде өңірде археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын іске асыру жалғасын табуда.
"ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудың 2016-2022 жылдарға арналған бағдарламасы" нәтижелі түрде іске асырылып жатыр.
Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында атаулы Мемлекеттік бағдарламалар аясында бір мезгілде бірнеше ауданда қазба жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтағы Археология өрлеу кезеңін бастан өткеруде. Сақ патшалары жәй тапқан Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Бұқтырма өзенінің он жағалауында орналасқан.
Мыңжылдықтар тарихын арқалаған Берел қорымы – Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына енген қасиетті мекен.
Құнды жәдігерлер мен обалар тарих қойнауынан сыр шертіп, археологиялар зерттеулердің айнымас орталығына айналды.
Облыстың археология ескерткіштерін жүйелі түрде зерттеу Қазақстанның жетекші археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың басшылығымен жүргізіліп келеді.
Облыста археология ескерткіштерінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша үш жыл ішінде 20 000 нан астам артефакт табылып, өңірдегі музей қорларын толықтырып, бірегей жәдігерлер келушілерді таң қалдыруда.
2021 жылы «Ұлы дала алтыны» Ұлыбритания жұртшылығының назарына ұсынылды. Оған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарынан табылған алтын артефактілер қойылды. Ұлыбритания жұртшылығы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжа талғампаз еуропалықтарды таң қалдырды.
Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсеткен көрмеде пай-пайлап, таңқалған Кембридж университеті жанындағы Фицуильям мұражайының директоры Люк Сайсон былай деп еді.
«Ұлыбританияға және әлбетте бүкіл әлемге Қазақстанның ежелгі мәдениетін танытуға арналған ерекше мүмкіндік. Меніңше, бұл жаһан тарихын қайта жазатындай тарихи жағдай. Ішіне талай сырды бүккен археологиялық қазбаларды зерттей отырып, біз талай ғылыми жаңалықтарды бірге ашамыз деген ойдамын»-, деп ерекше әсер алғанын жеткізген болатын.
Тарихты түгендеп жүрген шығыста қаламгерлер қауымына да көңіл бөлініп келеді. Облыста 2018 жылдан бері қолға алынған игі бастаманың бірі, Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған «Абай әлемі» кітаптар сериясымен әдеби жоба жүзеге асырылуда.
Мақсаты – өңірдегі ақын-жазушылардың бай мұрасын кеңінен насихаттау. Көптеген дүние бұрын еш жерде жарық көрмеген. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің шығармалары кеңінен дәріптелуде.
Сонымен қатар жас ақын-жазушылардың еңбектері де жарыққа шығуда. 2018-2022 жылдар аралығында таралымы 53 мың данаға жуық, 69 кітап шықты. Ағымдағы жылы 6,5 мың дана таратылыммен 13 кітап оқырманға жол тартпақ. Дұшпанын күйіндіріп,ерлігімен жаһанға жар болған, баһадүр батырлар мен темірді балқытып, тастан түйін түйген бабалардың шеберлігін бүгінде кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, дәріптеп, өнер мен мәдениетке, руханиятқа көңіл бөлініп, киелі шығыс осылай өз асылдары мен жауһарларын паш етуде.